«Асхат Аймағамбетов Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалмақ»
Абай облысына – Дархан Қалетаев, Шығыс Қазақстан облысына – Роман Скляр, Жетісу облысына – Аида Балаева, Ұлытау облысына – Асхат Аймағамбетов әкім болып барады деген ақпарат тарап жатыр. Шығыс Қазақстанға өзі де, сөзі де қазақ басқа бір адамды әкеп қою керек еді. Шығыс Қазақстанға дәл қазір қай-қайдағы функционер емес, осындай мемлекетшіл мінезі бар басшы керек. Ал, Аймағамбетовты орнынан қозғамай-ақ қойған дұрыс. Бастаған ісін соңына дейін жеткізсін де. Одан кейін келетіндер тағы ту-талақайын шығаруы мүмкін бұл саланың. Тіпті болмаса шығысқа жіберіңдерші Асхатты! Басқасына өздеріңіз баға берерсіздер.
Жолымбет Мәкіштің Facebook парақшасынан