«Орысша емес, қазақша сөйлеңдер!»: Жетісу облысының әкімі
Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған облысқа басшылар тағайындаған болатын. Жаңа әкімдер дереу өз жұмыстарын бастап кетті. Көпшілік Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевқа сүйсініп жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Жолымбет Мәкіш Facebook парақшасында хабарлады.
«Орысша емес, қазақша сөйлеңдер!» деп бастапты Жетісу облысының жаңа әкімі Бейбіт Исабаев аппаратының алғашқы отырысын. Ал, ендеше! Сөзі сұйылып кетпесе болды да енді", - деп жазды ол.
Көпшілік жаңа әкімнің мемлекеттік тілге бұра тартқанына ризашылықтарын білдіріп, оның жұмысына сәттілік тілеп жатыр.