Қазақстан Таулы Қарабақ жанжалында Әзірбайжанды қолдайды
Қазақстан Таулы Қарабақ жанжалында Әзірбайжанды қолдайды. Сыртқы істер мингистрлігінің таратқан мәлімдемесінде осылай дейді.
-Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселелерді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды,-делінген министрліктің мәлімдемесінде.