Құрманбекова бұрынғы лауазымына қайтып оралды
Түркістан облысы әкімінің өкімімен Гүлжан Құрманбекова Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол жуырда ғана Арыс қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын.
Гүлжан Құрманбеков еңбек жолында Шымкент қаласы қаржы бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып істеген. Арыс қаласының әкімі қызметіне 2021 жылы тағайындалған болатын.