Жасырын дауыс беру нәтижесінде Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалды
Депутат Дариға Назарбаева жасырын дауыс беру нәтижесінде қайтадан сенат спикері болып тағайындалды.
Оған сенаттың бірінші жалпы отырысына қатысқан 48 депутат дауыс берген.
Сенат депутаты, сайлау комиссиясының төрағасы Әлімжан Құртаев атап өткендей, қалыс қалған немесе "қарсы" дауыс бергендер болған жоқ.
"Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, сізді сенат төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз. Өзіңізге артылған міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдіміз. Сенаторлар сіздің басшылығыңызбен әрқашан жемісті жұмыс істеуге дайын", - деді вице-спикер Бектас Бекназаров.