Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт тоқсан - төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатында «Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мектепішілік оқушылар айтысы өтті.
Ана тілді дәріптеуге арналған ақындар айтысы өте тартысты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті және айтыс пәнінің мұғалімдері қазылық жасаған айтыс нәтижесінде:
Бас жүлдені - Ардақбек Өтебай, 9 сынып оқушысы;
І орын Мағжан Сауытбек, 9 сынып оқушысы;
ІІ - Айбек Бердіш, 8 сынып оқушысы;
ІІІ - Нұртөре Мықтыбай, 8 сынып оқушысы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтуде. Жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Соған орай, Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында мектептерде "Ақындар айтысы" ашық сабақтары өтіп жатыр.
"Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау", – делінген министрліктің хабарламасында.
Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Айта кетері, "Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады.