Түлкібас ауданындағы М.Ломоносов атындағы мектеп- гимназиясында ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарының мекеме басшыларымен кезектен тыс кеңес өткізілді. Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы жүргізіп отырды.
Барлық білім беру ұйымдарының мекеме басшыларымен өткен кеңесте Мектептің 2022-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы 5 жылға арналып жасалады. 6 бөлімнен тұратын бұл бағдарламаға: Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына сипаттама; Мектептің 2018-2023 жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау; Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері; Мектепті дамытудың басым бағыттары; Бағдарламаны іске асыру тетіктері; Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер жатады.
Сонымен бірге, Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша түсінік хат, Басқару шешімдерінің матрицасы, Мектепішілік бақылау жоспарларының үлгілері жөнінде де жан-жақты сөз қозғалды.
Барлық білім беру ұйымдарының мекеме басшыларымен кезектен тыс кеңес соңында әр мекеме басшылары өз ойларын ортаға салып, көтерілген мәселе жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Айта кетейік, білім ордасының шәкірттері өткен жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген болатын. Айталық 2022- 2023 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11- сынып оқушысы Демус Александра 1- орын «Алтын медаль» жеңімпазы болды. Ауыл мектептерінің 8- сынып оқушылар арасында өтетін Республикалық «Айқанат» олимпиадасына 105 оқушы қатысқан болатын. Облысқа 51 оқушы өтіп, 3 оқушы Республикалық олимпиадаға қатысып, 8- сынып оқушысы Давлетбек Сырым Грант иегері болған еді.
Ауыл мектеп 6- сынып оқушыларының арасында Республикалық «Мың бала» олимпиадасында 3 оқушы жеңімпаз атанған болатын. Мектеп ұжымы 2023 жылғы Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «100 Үздік мектеп» қатарына кіріп, облыс әкімінің Алғысына ие болған.