Дәстүрлі моральдық құндылықтар – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасатын, алдыңғы ұрпақтан мұра болып қалған, мәңгілік сипатқа ие тұрақты құндылықтар. Олар үлкен білім беру әлеуетіне ие және құндылықтарды тікелей және жанама түрде насихаттауға үлес қосады.
Ұлттық өнер, халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты – балалардың адамгершілік тәжірибесін меңгеруі, халықтың рухани мұрасын мұра етіп қалдыру, тұлғааралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне жету.
Бүгінгі ақпараттық-технологиялық заманда балаларға заманауи білім мен қатар ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру аса маңызды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі биылғы жылы «Төрт тоқсан - төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын қолға алды. Қазіргі таңда жоба аясында білім ордаларында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс шаралар өтуде. Бұл жобаға Түркістан облысы да белсене ат салысуда.
Жақында Бәйдібек ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аталған жоба аясында қосымша білім беру ұйымдарының арасында аудандық "Тілім —тұмарым" атты жас ақындардың "Айтыс байқауы" өтті.
Байқау мақсаты: Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына оның дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
С.Ерубаев атындағы мектеп базасында ұйымдастырылған бұл байқауда жас ақындар сүбелі сөзбен ой айтып, тілге деген құрметтерін білдіріп, халық арасындағы өзекті мәселелерді тиек етті. Нәтижесінде жүйріктен жүйрік озып, нағыз мықтылар жеңіс тұғырынан көріне білді.
Сондай-ақ сайыста айтыс өнерінің жан-жақты қыры ашылып, оқушыларға құнды мәліметтер айтылды.
Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған.