Түлкібаста ғылыми жоба байқауы өтті

image.png

Бүгін Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінде "Мәңгілік ел- мәртебелі тіл" тақырыбында "Ж.Аймауытов педагогикалық еңбектеріндегі ұлттық құндылықтардың көрінісі" атты қазақ, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында ғылыми жоба жұмыстарының байқауы өтті.

Үш тілде өткізілген байқау барысында пән педагогтері Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика ғылымына қосқан үлесі, педагогика жөніндегі көзқарасы, ұлт руханияты, даналықтың көздері, философиялық идеялары, ұлт игілігіндегі қызметі, өркениеттің дамуындағы үлесі, ұлттық мүдденің құндылықтары жайында жобалық жұмыстарын қорғады.

Айта кетейік, Алаштың зиялысы Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ педагогикасына қосақан үлесі орасан. Жазушының педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері  1924 жылы Орынборда басылған “Тәрбиеші жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды… Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді… сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды” – деп оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін дұрыс атап өтеді.

Аймауытовтың  педагогика саласындағы еңбектері бүгінде білім саласында кеңінен қолданылуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер