Білгенін өзгелермен бөлісуде

image.png

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса – бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді.

Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Осындай ұстаздың бірі Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Динара Нарбекова. Динара Балқыбекқызы АҚШ, Вашингтон қаласында орналасқан IREX университетінің қаржыландыруымен ұйымдастырылған «Fulbright Teaching excellence and achievement program» грантын ұтып алып, тәжірибе алмасу шеңберінде АҚШ-та алты апталық біліктілік арттыру және тәжірибе алмасу бағдарламасынан өтіп, сертификат алып келді. 

Қазіргі таңда ол тәжірибе алмасу барысында алған әдістері мен құнды дүниелерін әріптестерімен бөлісуде.

«Мек¬тептің жаны – мұғалім. Ол қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұға¬лім білімді болса, балалар мектеп¬тен терең білім алып шықпақшы. Солай бол¬ған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабар¬дар, жақсы оқыта білетін мұғалім», деген Ах¬мет Байтұрсынұлының сөзі бүгінгі ұс¬тазға қойылатын талапты дөп басып тұр. Динара Нарбекова мұнымен тоқтап қалмай білім саласында одан әрі ізденуді, тәжірибе жинақтауды жалғастыра бермек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер