Түркістан облысының Білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығында» облыстық әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес – білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысын алқалық басқару органы.
Кеңесте 2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, халықаралық зерттеулер нәтижелері, әдістемелік кабинеттің білім беру ұйымдарының инновациялық іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары туралы жұмыстар тыңдалды. Сондай-ақ, ұсыныстар айтылып, әртүрлі мәселелер талқыланды.
Кеңеске облыстық әдіскерлер, қалалық, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері түгел қатысты.
Сондай-ақ Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №39 «Асықата» жалпы орта мектебінде білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерімен «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.
Математика пәні әдіскері Айгүл Әлімбетова 2022-2023 оқу жылына қорытынды жасай отырып, биылғы оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістер мен мақсат - міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Бауыржан Саулебаев оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша өз ойларымен бөлісті.