Өнеркәсіп паркі ашылуы мүмкін

Oinet.kz 02-04-2021 1072

Screenshot_9.jpg

«Шымкент инвест» ұйымы өнеркәсіп паркін құру идеясын қолға алмақ. Мұнда бұрыннан келе жатқан ескі кәсіпорындардың, мекемелердің ғимараты шағын цехтар немесе кеңселер ашуға жалға берілетін болады. Мәселен, мың шаршы метрлік ғимарат болса, соның әр жүз шаршы метрі кәсіпкерлерге уақытша пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде мегаполистегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуына кең жол ашады. Қаладағы индустриалды аймақтар ірі бизнес жобаларды жүзеге асыруға арналса, өнеркәсіп парктері шағын және орта кәсіпкерлік бағытындағы жобаларды іске асыратын орынға айналмақ.

«Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы тауарларын ортадағы делдалсыз саудалайтын арнайы дүкендер ашу идеясы да қарастырылып жатыр. «Мұндай сауда орындарының әлеуметтік дүкендерден айырмашылығы – онда әлеуметтік маңызды тауарлар мен шаруалардың тікелей жеткізген өнімдері ғана арзан бағада сатылса, қалған тауарлар нарықтық құны бойынша саудаланады. Өйткені нарықтық қатынас экономикасында тауарды өзінің нақты бағасынан арзан етіп сату кәсіпкерді түбінде шығынға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан мұндай дүкендерде негізгі азық өнімдері ғана арзан бағада саудаланады. Бұлар – әзірге ойда жүрген жоспарларымыз бен идеяларымыз. Олар іске асқан жағдайда кәсіпкерлік саласы қазіргіден де жандана түседі деген ойдамын», – деді фронт-офис жетекшісі Саят Нұркенұлы. 

Бизнеске арналған үкіметтің «Шымкент инвест» фронт-офисі бүгінгі таңда кәсіпкерлерге кең ауқымда қызмет көрсете алатын шын мәніндегі маңызды әрі қажет мекемеге айналып үлгерді. Ендеше, келешекте республиканың үшінші мегаполисі кәсіпкерліктің даму қарқыны мен нәтижесі жағынан үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.


«Shymkent INVEST» – кәсіпкерлердің өтінішін жерде қалдырмайды
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ашық есік күнін өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу