Иманымды бұзып отырсың
Таксист алдыңғы орынға бір жас қызды алды. Мемлекеттік органда қызмет істейтін сияқты, киіміне қарасам. Бір кезде қырма сақалы бар шопыр:
- Неге жабысқан юбка кигенсіз?
- Жабысқан ештеңесі жоқ, кәдәмгі офисный киім ғой,- деп телефонына қарап отыр еді шопыр тоқтағысы келмеді
- Білесің бе, сен қазір менің иманымды бұзып отырсың.
- Иманыңызға айтсаңызшы, көрінген юбкаға қарамай, жеңгемізге қарасын.
- Хиджаб кимейсің бе одан да
- Хиджабты көзіңізге киіңіз. Сонда ешқашан иманыңыз бұзылмайды,- деді.
....Таксист үндемей қалды. Кімдікі дұрыс?
Гүлбағыш Бостан