Ұлыстың Ұлы күнінде Түркістан қаласында бүкіл түркі мемлекеттерінен хабар тарататын «Turkistan» телеарнасының тұсауы кесілді. Қазақ ақпарат кеңесітгінде желкен керген телеарнаның алға қойып отырған жоба-жоспарлары көп. Телеарнаның ұжымы алдағы уақыта түркі елдері БАҚ құралдарымен тығыз байланыс орнатпақ.
Бұл туралы түркістанда түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдеріне арналған форумында белгілі болды. Айта кетері, келелі кездесуге қазақстандық және Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының ақпарат саласында абыройлы еңбек етіп жүрген кәсіби бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары бас қосты. Тиісінше бауырлас елдердің ақпарат айдыны мамандары медиа саласы тақырыбында тәжірибе алмасты. Жиында бүгінгі журналистика саласындағы проблемалар айтылып, келелі пікірлер айтылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, форум аясында "Alatay media" орталығында «Turkistan» телеарнасы мен түркітілдес БАҚ басшылары арасында әріптестік қатынастарды нығайту мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Алдағы уақытта телеарнаның
«Түркістан» телеарнасы тікелей эфир арқылы алғашқы шығарылымын жасады. «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Нұров меморандум алдағы уақытта көршілес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен ынтымақтастық байланыстардың нығаюының алғышарты болады деген сенім білдірді.