Түркістан - түркі интеграциясының символы

2.jpg


Түркістанда түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер таныстырылды. Шетелдік журналистерге арналған ауқымды шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Түркия елдерінен келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда алғы сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесінде Түркі елдерінің ақпарат кеңістігінің өкілдері рухани шаһарда бас қосуын заңдылыққа балады. Себебі, Түркістан – сан ғасырлардан бері күллі Түркі интеграциясының символы саналады. 

"Әлемде жаһандық интеграциялық процестер қарқын алған уақытта бүкіләлемдік өркениеттің дамуына құнды үлес қосқан, өміршеңдігі өзгелерге үлгі түркі әлемі бірігуді мақсат етеді. Бұл үдерістің бастамашысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол 1992 жылы түркі мемлекеттері басшыларының бірінші Саммитінде бауырлас халықтардың интеграциялық бірлестігін бастау қажеттігі туралы мәлімдеді. Осылайша, Түркістан қаласы түркі өркениетінің орталығы болып танылды. Бүгінде бұл тарихи үрдіс өз жалғасын тауып, Түркістан Түркі елдеріне ортақ тәу етер қасиетті мекені болып келеді",- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды
  • Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады
  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықапралық симпозиум өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер