Түркістанда түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Ұлттық ғылым академисяның академигі, А.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев «Түркістанның жаңғыруы: стратиграфиядағы жаңа серпін» тақырыбында баяндама жасады. Облыс әкімі орынбасары Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысының инвестициялық және туристтік әлеуеті барысында жетістіктермен бөлісті. Түркиядан келген «TRT» телеканалының басқарма өкілі Мехмед Захид «Түркі әлемінің медиалық интеграциясының маңыздылығы» туралы баяндап берді. Шетелдік БАҚ өкілдері пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылардың пікірінше, форум Түркістанның жаңа тынысының ашылуына жаңаша серпін береді. Түркітілдес мемлекеттердің тілшілері қасиетті шаһардың көне сипатын сақтай отырып, заманауи қалаға айналуғанына куә болғандарын таңдана жеткізді.
"Елбасы облыс орталығын ауыстырған сәтте бірден екі бірдей маңызды құжатқа – Түркістан қаласын дамыту тұжырымдамасына және «Turkistan» арнаулы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қос құжатты қабылдаудағы басты мақсат – Түркістанға инвестиция құя отырып, туризмді дамыту. Құрметті бауырлас Түркі халықтарының үздік БАҚ өкілдері! Түркі Мемлекеттерінің ақпарат кеңістігіндегі үздік БАҚ-ның өзара ынтымақтастығын нығайтып, бірлесе жұмыс атқаруында бүгінгі жиынның маңызы зор. Себебі, түбі бір Түркі елдерінің наным-сенімі, түпкі тарихы, өмір сүру қағидалары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Түркі Мемлекеттерінің көнеден қалыптасқан ынтымақ-бірлігі мен барлық бағыттағы әріптестік байланыстары нығая түседі деп сенемін",- деді жиында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына 703 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. Оның ішінде сыртқы инвестициялар көлемі 112 млрд.теңгені құрады. Тартылған инвестициялардың арқасында қала күннен күнге көркейіп келеді. Бұл өз кезегінде Түркістанға туристердің көптеп келуіне ықпал етеді.
Шетелдік БАҚ өкілдерінің басын қосқан іс-шара аясында Роуд-шоуға қатысушылар 20-22 наурыз аралығында баспасөз турларында болады. Түркістан облысындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын аралауда. Арыстан баб кесенесінде болып, Отырар қалашығы, Отырар ауданы орталығы, Қожа Ахмет Ясауи сәулет кешені бойынша экскурсияға қатысып, Ақмешіт үңгірі мен Кемеқалған монументінде болды.