Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Қыз дегенің - сенің анаң кешегі,
Олар адал, олар батыл деседі.
Сен де болсаң сол анадан туғансың,
Қайығында ескегімен еседі.
Қыз дегенің - қарындасың әдемі,
Өзгешелеу, өзге оның әлемі.
Сен қамқорсың, сен ағасы дәл оның,
Бақытыңның, шаттығыңның дәлелі.
Қыз дегенің - сенің әпкең сабырлы,
Отбасы үшін болар дәйім жалынды.
Қалайша сен аяулыңды қиясың,
Қолыңдағы асылың мен барыңды.
Қыз дегенің - дос қыздарың, сырласың,
Керек кезде, тіпті болса мұңдасың.
Қалай ғана жамансың деп айтасың,
Қиылып қана қара көзбен тұрғасын?
Қыз дегенің - өмірдегі асылың,
Мейлін, тіпті өтсе дағы ғасырың.
Жалындаған өлеңіңмен дәлелде,
Өтсін деймін өмір берген асуың.