Шымкент: Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде

Oinet.kz 20-11-2024 130

000.jpg 

Шымкент қаласында биыл әлеуметтік нысандардың құрылоысы қызу жүріп жатыр. Олардың бірқатары пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да көптеген нысан ел игілігіне тапсырылады. 

Биылғы жылы Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 163,07 млрд. тенгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Енді соларды нақтырақ айтар болсақ, 96 көпқабатты тұрғын үйдің 66 тапсырылады, яғни 5046 пәтердің 2 670 пәтері беріледі. Оның кредиттік пәтер -64, арендалық-2

Биылғы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

Ал, 187,8 мың шаршы метр құрайтын 2376 пәтерлі 30 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-9 үй, Бозарық ш/а – 5 үй, Тұран 23 орам – 16 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 38,6 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.

Қазіргі таңда, 1180 пәтер сатып алынды. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 604, халықтың әлеуметтік осал топтарына 576 пәтер сатып алынды.

Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, Ақжайық-9, Тұран-87) жоблау-сметалық құжаты әзірленуде.

«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС - қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй - коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді.

2023 жылы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не қала бюджетінен жалпы 1,041 теңге бөлініп, қала аумағында орналасқан 16 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы мүлік иелеріне пайдалануға берілді

2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, 1-кезеңде қала аумағындағы 11 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 139 993 теңге қаржы қаралды.

Қазіргі таңда, 11 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-фараби ауданы-7, Тұран ауданы-2, Еңбекші ауданында-2 тұрғын үй) жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы үйлерден қаржы үнемделген жағдайда тағыда 5 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

 


Солтүстікке көшемін дегендерге артықшылық та, мүмкіндік те көп
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу