Илон Маск әлемдегі ең бай адамға айналды
08-01-2021
Қазақстанның әлем бойынша 341,2 тонналық алтын қорымен 15-ші орынды алады.
Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің (WGC) деректеріне сәйкес, бағалы металдың көлемі 2019 жылғы 1 қарашасында 377,5 тоннаны құрады. Салыстыру үшін: жыл басынан бері бұл көлем 345 тоннадан 9,4%-ға артты.
Осылайша, қазір Қазақстанның алтын қоры елдің халықаралық резервтерінде 62,6%-ды құрайды. Қазіргі уақытта қымбат металл көлемі бойынша Қазақстан бұрынғысынша 15-ші орында (ХВҚ есебінсіз) және Португалия (382,5 тонна) мен Өзбекстан (332,2 тонна) арасында орналасқан.
Сонымен қатар, алтын қоры бойынша көшбасшылардың үштігінде бұрынғысынша АҚШ — 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна бар. Ресей WGC тізімінде 2,2 мың тоннамен бесінші орынды, ал Қытай 1,9 мың тоннамен алтыншы орынды сақтап қалды