Түркістан облысы Төле би ауданында «Тау самалы – жан самалы» фестивалінде «Таңғажайып Түркістан» атты байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталмыш іс-шараны Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламасына сай өткен байқауға қызығушылық жоғары болды.
Байқау жеңімпаздарын Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев марапаттады.
Байқаудың мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау.
Үміткерлер арнайы комиссияның шешімімен анықталып, фейсбук тобында көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілген (репост) арқылы іріктелді.
Бұдан соң байқаудың қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясы Мадина Сарыбалаеваға берілді. 3-орынға Сәбит Тастанбек, Ерлан Сыздық лайық деп танылды. 2-орынды Дәурен Айманбет жеңіп алды. 1 орын Ақмарал Ғаниқызы мен Қайрат Кәрібаевқа бұйырды. Ал, бас жүлдені Несібелі Иманқұлова мен Ғани Назарбекке табыс етті.
Айта кетейік, байқауға кез-келген әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Бұл байқауға биылғы жылдың 14 қыркүйегінен 12 желтоқсанға дейін жарияланған материалдар жарияланды.
Қатысушылар үш ай бойына өңірдің киелі мекендерін кеңінен насихаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі