Мақта егудің тың тәсілдері талқыланды

Oinet.kz 24-12-2024 9

Климаты жылы  Оңтүстік өңірі мақта шаруашылығына өте қолайлы аймақ. Бүгінде жерлігілкті диқандар ақ алтынды өндірудің жаңа технологиясын меңгеру үстінде. Озық технологияны жетілдіру мақсатында жақында Арыс қаласында шаруалардың басы жиналып, семинар-кеңес өткізді. Байырқұм ауыл округіндегі «SPK-1» өндірістік кооперативінің егістік алқабында өткен кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институтының мамандары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, ауыл округ әкімдері мен тауар өндірушілер қатысты.  Жиында мақта дақылын егудің инновациялық тиімді әдістері туралы, сондай-ақ мақта дақылына мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар аясында баяндамалар жасалды.

    «SPK-1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2019 жылы құрылған. Онда алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдана отырып, 200 гектар жерге мақта дақылы егілген. Кооператив гектарынан 60-80 центнерден өнім алу жоспарлауда. Облыс бойынша орташа өнімділік 24-25 центнерден болса, аталған шаруашылық 3-еседен артық өнім көп алуды көздеуде. Шаруашылықта алдағы уақытта жалпы 5 мың гектарға мақта дақылын егіліп, 500 адамды жұмыспен қамтылмақ. Жоба құны – 5млрд.теңге.   

 Аталған шаруашылықта 1-дана ЛС-2284 жер айдайтын трактор, 2-дана Джондир трактор, 2-дана тұқым сепкіш, 2-дана тыңайтқыш шашатын, 1-дана айналмалы соқа, 1-дана жер тегістегіш техникаларымен қамтамасыз етілген.  Шаруашылықтағы тұқым сепкіш бір мезетте 6-қызмет атқарады. Атапайтқанда,  егілетін мақтаның жүйек аралық қатардағы ірі кесектерін шығарады, тамшылатып суғаратын шлангасын тастау, пленкасын жабу, пленканы желден қорғау үшін екі шетін және ортасына топырақ бастырады, дәлме-дәл тұқым тастау қызметтерін атқарады.

 Шаруашылықта мақта алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін 4-дана тік ұңғыма қазылып іске қосылған. Мақта алқаптарын суару үшін 100 пайыз тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, толық автоматтандырылып отыр. 


Жаңа оқу жылына - жаңа мектеп
Имамдарға пәтер және оларға жалақы беру мәселесі қаралмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу