Биыл 7 нысан ашылады

Oinet.kz 24-12-2024 39

Түркістанда құрылыс  қызып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де қасиетті қаланың дамуын бақылауында ұстап отыр. Биыл Түркістан қаласын дамыту тапсырмаларына сәйкес шаһарда 28 нысанның құрылысы жүруде.  7 нысан жыл соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Еліміз бойынша ең көп нысандар салынып жатқан өңірде 2537 пәтер пайдалануға берілген.Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақында халық алдында берген 6 айлық есебінде мәлімдеген болатын. 

  Сондай-ақ Арыс қаласы да қалпына келтірілуде. Қазір қала 17 секторға бөлінген. Бүгінде ондағы 5646 үйге жөндеу жұмыстары жүруде. Оның 1152-сі қалпына келтірілген. Арыс қаласы мен оған жақын жатқан елдімекендердле тұратын 56000-ға жуық тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Сондай-ақ, зейнеткерлер мен балалар әр кезеңге бөлініп, демалыс орындарына жіберілуде. 

Жиын соңында өңір басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген 9 бағытқа негізделген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды.  Сол тапсырмаларды сапалы орындау үшін  5 орынбасары мен аппарат басшысын жауапты етіп бекітіп, әрқайсысына міндеттер жүктеді.

Әкім есеп берді
Орталық алаң жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу