Лимонның пайдасы
Дәмі қышқыл Лимон шырынының құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 —90 мг С витамині болады.
Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда жақсы көмектеседі.
Лимон шырыны жүйке жұмысын реттеуге, қан қысымын төмендетуге, қан жолдарын тазалауға, ревматизмнен арылуға көмектеседі.
Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынының 1-2 тамшысын қосуға болады. Лимон шырыны сондай-ақ қызыл иектің қанауы мен қабынуын төмендетеді.
Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғандандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырыны мен 1,5-2 шәйқасық балды ыдысқа салып, араластырып жағуға болады.