Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Транслантация – адамға екінші өмір сыйлайды. Бүгінде медицинада кеңінен қолданылатын саланың өз рекордтары бар. Сіз білесіз бе, әлемдегі ең көп ағзасын ауыстырған адам Кобурга қаласының тұрғыны Сара Маршалл.
Небәрі бес айлығында шақалаққа бауыр, асқазан, ішек және ұйқы безі орналастырылады. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан сәбиге ота Канадада 1997 жылдың 7 тамыз күні жасалып, бақандай 24 күнге созылады. Бүгінде қалыпты өмір сүріп жүрген бойжеткеннің көп транслантация жасалған ең жас пациент ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сараның айтуынша реципиенттер дені сау адамдардан ешбір кем тіршілік етпейді. «Біз де өзгелер секілді жүгіреміз, секіреміз және спортта белсенділік таныта аламыз» дейді ол.