Қанды бекер төгіп...
Гиппократ өз еңбектерінде адам денесінде қан, шырыш, өт секілді сұйықтықтың болатынын және олардың әртүрлі пропорцияда орналасатынын жазған.
«Медицина атасы» барлық ару денеде қанның көбейіп кетуінен болады деп есептеген. Осы теорияны құлақтарына мықтап құйып алған орта ғасырлықтар қит етсе қан алдыра берген. Ол кезде бүгінгідей шприц немесе басқа да құрылғылар болмағандықтан дәрігер қанды қол-аяқтағы тамырларды кесіп көп мөлшерде қанды ағызып алыпты. Мұндай процедураға шыдамай, сол жерде көз жұмғандар да болыпты.