Ағзаңыз спортқа дайын ба?
Адам қандай да бір жаттығу жасағанда немесе спортпен айналысқанда ағзасының шама-шарқын білуі керек. Әйтпесе жарақат алып қалу оп-оңай. Мысалы өзін қинап, ерік-жігері мен денесін сынап жүгірумен, велоспортпен айналысатындардың көбі уақыт өте келе буын артрозына шалдығады. Сонымен бірге жүгірудің, тыныс алудың дұрыс техникасын білмейтіндер инфарктқа душар ететін біршама ауру-сырқауға тап болады.
Сондықтан адам спортпен айналыспас бұрын біріншіден өз ағзасының мүмкіндігін білуі керек, екіншіден спорттың табиғатын сезініп, дұрыс техникасын меңгеру керек. Ол үшін дәрігерге немесе методистке тексеріліп, кейін барып жаттықтырушының нұсқаулығын алу керек.