Биші кальмар
Жер бетінде кальмардың 500-ден астам түрі бар. Оның 15-20-сы тағам жасауға пайдаланылады. Кальмар фосфор мен амин қышқылдарына бай, өте жеңіл қорытылады. Етінде таурин ақуызы көп мөлшерде болғандықтан қан құрамындағы холестеринді төмендетуге, қан қысымын төмендетуге әсерін тигізеді және түнде көздің көруін жақсартады.
Жапондардың дәстүрлі тағамы ika-don «күріш үстіндегі биші кальмар» деп аталады. Жаңа ғана сойылып, ішкі мүшелерінен тазартылған кальмарды күріштің үстіне қойып, бетіне соя құйғанда өлген кальмар қайта тірілгендей жиырылып қимылдай бастайды. Бұл көрініс құдды биші кальмарға ұқсайды.