Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Шөл дала десе көз алдымызға теп-тегіс құмдар, аптап ыстық елестейді. Ал Бразилияның Мараньян штатындағы шөл әлемдегі ең ерекше аймақтардың бірі саналады. Себебі мұнда жайылған құммен қатар кішігірім өзендер бар. Көзге шағылысар аппақ түсті құмның құрметіне «Мараньянның ақ даласы» атанып кеткен шөл 1981 ұлттық парк мәртебесіне ие болған. Жалпы көлемі 580 шаршы миль. Ақ даладан ұзын екі өзен ағып өтеді. Қазан, қараша айларында құрғақшылық кезеңде қатты соққан желдердің әсерінен мұнда құм төбешіктер пайда болады. Шөлдің атағы да осы керемет төбешіктермен танымал.
Шөлді жерлерге жаңбырдың өте сирек жауатыны табиғаттың өзгермес заңдылығы. Алайда Мараньянда жаңбыр өте көп жауады. Негізінде шөлді аймақтарға жылына 10 дюймнен артық жаңбыр жаумайды. Ал мұнда жылына 47 дюймге дейін нөсер болады. Салдарынан кішігірім көлшіктер пайда болып, шөлдің сәнін келтіріп тұр.