Жынның әйелін босандырған семейлі акушер әже
16-11-2024
Жер бетінде біз ойлағандай қыс, көктем, жаз, күз айналып келе бермейді екен. Біздің планетамызда жаз болмайтын, мәңгілік қыс орнаған 5 ел бар. Солардың бірі Денали - Солтүстік Америкадағы қарлы шың. Биіктігі – 6194 м. Ең биік төбесі әлемдегі ең суық жер болып саналады. Ауа температурасы қыста -40 градус. Жаз көрмейтін келесі халық оймякондықтар. Якутиялықтар мекендейтін елді мекендегі қалыпты суықтың деңгейі -45 градус. 1926 жылы қаңтар айында рекордтық көрсеткіш тіркеліп, мұндағы суық -72,2 градусқа жеткен.
Батыс жарты шардағы «Норсайс» зерттеу бекеті де әлемдегі ең суық мекендердің бір. Гренландияға тән бұл жердің ауа температуасы -66 градус.
Ақ боран қардан көз ашпайтын Аляскада орналасқан Снэг қаласы да ең суық жерлердің қатарына кіреді. Солтүстік Америкада орналасқан қаланың ауа температурасы -63 градус. Айта кету керек, бұл жердегі суықтың ауадағы бір ерекшелігі тыныс алған деміңіз ауада он бес минут көлемінде қалып қояды. «Шығыс» станциясы - бұл Антарктидада орналасқан. Әлемдегі «мәңгі қыс» символына айналған құрлықтағы ең төменгі температура 1983 жылы 21 шілдесінде -89,2 градусты көрсеткен.