Белгілі психолог: «Жақында еркектер әйелге айналады»
Қазіргі таңда отбасыны кеш құру мәселесінің өз себептері мен салдары бар. Еxk.kz тілшісіне психолог-сексологтың айтуынша, мұның барлығының себебі мен нәтижесі бұлыңғыр. Болашақта жыныстар өзгеруі мүмкін, яғни әйелдер еркекке, еркектер әйелге айналу қаупі.
Өткен ғасырда дүниеге келген кісілер 20 жасқа дейін отбасын құрып, ата-ана атанған. Неліктен бұл ғасырда үйлену жасы 30-ға жақындап қалды, тіпті ол жастан асып кетуі де мүмкін.
- Ер адамдар ешқашан отбасын құруға асықпайды. Ал қазіргі әйелдер өзін-өзі қамтамасыз етіп, ақша тауып, мансап жасағысы келеді. Яғни, ерлер мен әйелдердің орны ауысқан. Бала кезінен ата-ана қыздарға: «Еркекке сенбеу керек» дейді. Неге екені белгісіз... Еркек - сенімсіздік, - деп түсіндіреді - дейді психолог Анжела Әбдірашитова.
Оның айтуынша, дәл осы көзқарасты сақтаған қалпында әйелдер жалғызбасты өмірден өтеді. Сондай-ақ, әйел сәтті мансап құрып, ер адамның міндетіндегі нәрселердің бәрін өз мойнына алады. Осылайша әйелдер ер адамға айналуы мүмкін көрінеді.