Саят Медеуовке екі ота жасалды
OINET.KZ - Саят Медеуовтің жары Гүлбаршын Байжігітова әншінің қазігі жағдайы туралы айтып берді. Әйелінің айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған.
"Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты", - дейді ол.
Өнер иесі Қызылағаш-Сағабүйен тасжолында жол апатына түскен. Ауруханаға 27 ақпанда таңғы уақытта түскен.
"Қазір нақты қай ауруханада жатқанын айта алмаймыз. Түрлі дене жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Соған байланысты операция жасалды. Аллаға мың да бір шүкір. Тілектес болып жатқан барша халыққа менің және отбасымның атынан көп рахмет. Көп тілеуінің арқасында жағдайы жақсарды деп ойлаймын", - дейді әншінің әйелі.