Жетісай: Ағын су тапшылығы шешімін тапты
Түркістан облысы Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің суғару жұмыстарын жүргізу үшін ағын суға деген сұранысы 29,5 м3/сек болса, бүгінде Халықаралық «Достық» магистралды каналы арқылы 16 м3/с ағын су келуде. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті ағын су мөлшерін жеткізіп беру мақстанда ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су тарту каналының 3 насосы іске қосылып, қосымша 12 м3/с жеткізілуде.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажеттілігіне сәйкес ағын су берілуі аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен мамандар тарапынан тұрақты бақылауға алынып, қосымша тағы бір насосты іске қосу жұмыстары жүргізілуде.