Құрметті облыс тұрғындары! Антикор ерікті болуға шақырады
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» жобасының еріктісі болуға шақырады.
Жобаның мақсаты - белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.
Жоба аясында сіз келесі бағыттар арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете аласыз:
- Қоғамдық бақылау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту;
- Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету);
- Корпоративтік еріктілік.
Жобаға қатысу үшін Түркістан облысы бойынша Ссыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарласу қажет.
Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100
Эл.пошта: prv.tko@antikor.gov.kz
Тел: +7(72533)26932, +77017877585
https://www.gov.kz/.../antico.../documents/details/502384...