Кеншілер қаласында 2025 жылға дейін 5 мектеп салынады
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президентіміз «Орта білім беру жүйесінің өткір проблемасы — мектептерде орын жетіспеушілігі болып отыр. 225 мың орын тапшы. Шұғыл шаралар қолданылмаса, 2025 жылға қарай ол миллион орынға жетуі мүмкін. Бұған дейін мен 2025 жылдың соңына дейін кемінде 800 мектеп салуға тапсырма берген едім. Бүгін 1000 мектепке дейін жеткізу міндетін қоямын» деп нақты тапсырма берген болатын.
Осы ретте 2023-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 89 мектеп салынады. Соның 5-уі Кентау қаласында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімі аппараты отырысында айтылды. 5 мектептің 2-уі халық санының және оқушы санының өсіміне байланысты қосымша ғимарат салуды қажет етеді.
Ал, жаңаданқосылған «Шұғыла» және «Жұлдыз» мөлтек аудандарына 1500-2000 орындық жаңа мектептің құрылысын салу қажет. Сондай-ақ Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының ғимараты жалға алынған. Осыған орай, 300 орынды мектеп ғимаратын жіне 200 орындық жатақхана құрылысын салу қажет ететінділігі айтылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақын елді мекендерге оқушыларды тасымалдау, автобуспен қамту ісін жандандыру керектігін жеткізді. Осы тұрғыда Кентау қаласына қыркүйек айында 1 автобус көлігі берілетін болып шешім тапты.
Айта кетейік, Кентау қаласында ортал білім беретін 24 мектеп қызмет жасайды. Оның 1-уі жеке кәсіпкер есебінен бой көтерген жекеменшік білім ордасы. Мектеп құрылысын салу қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындармен кездесу барысында көтеріліп келген.