Диктатор мен демократ

image_750x_5afeb574e0c13.jpg

Әлемдегі ең қанқұйлы диктаторлардың тізімінен түспеген Ислам Каримовтан кейін билікке келген Шавкат Мирзияев нағыз демократ ретінде көзге түсе бастады.  Ақ үй Шавкат Мирзияевтан елдегі адам құқығы жағдайын жақсарту жұмыстары мен экномикалық реформаларын жалғастыруға шақырып отыр.

АҚШ-тық шенеуніктердің айтуынша, елдегі билікті жиырма жылдан астам уақыт уысында ұстаған автократ Ислам Кәрімовтің өлімінен соң билікке Мирзияевтің келуімен Өзбекстан «елеулі нәтижелерге жетті». Дегенмен америкалық жоғары лауазымды тұлғалар Мирзияевтан елдегі адам құқықтары, мәжбүрлі еңбек, дін еркіндігін шектеу, сөз бостандығы салаларындағы мәселелерді шешуге күш салуға шақырады. 16 мамырда Мирзияев Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті.

12 мамырда, Мирзияевтің АҚШ-қа сапары қарсаңында, Өзбекстанда төрт жарым жылдан астам уақыт қамауда отырған саяси тұтқын Фахриддин Тилляев босатылды. Соңғы бірнеше айда Өзбекстанда тағы бірнеше адам құқығын қорғаушы қамаудан босап шықты.

Сарапшылар Каримов билігі кезіндегі Өзбекстанға тән қудалау саясатынан бас тартқысы келетінін Мирзияев осы әрекеттері арқылы көрсетті деп топшылайды.


«Рейтинг» газеті


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер