Туристер анықтаманы сайттан көре алады

Screenshot_2.jpg

Бүгінде Түркістан қаласы туризм саласына зор көңіл бөлуде. Бұрындары киелі шаһардағы туристік әлеуеті бар нысандар жөнінде жұрт бір-бірінен еститін. Қалада қандай тарихи-мәдени орындар бар, қай жерде тамақтануға, демалуға, қай жерде қонуға болады, бұл жөнінде ақпараттар қолжетімсіз болатын. Осының салдарынан көптеген азаматтар, оның ішінде шетел азаматтары Түркістан жөнінде жеткілікті мәліметтер таба алмағасын, келуге тәуекел ете бермейтін еді. Бұл мәселені ескерген Түркістан қаласы әкімдігі оның оң шешімін тапқан. Қазір интернет беттерінен Түркістан қаласы жайлы мәлімет іздесеңіз, ең бірінші алдыңыздан Turkestantour.kz сайты шығады. Аты айтып тұрғандай, бұның туристік сайт екенін білесіз. Сайтты ашсаңыз, «Welcome to Turkestan» (Түркістанға қош келдіңіз) деген жазу шығады. Осынау бір кішігірім ізеттіліктен көңіліңіз көтеріліп қалады. Туристік сайт тек қазақстандықтар үшін емес, шетелдіктерге де арналып жасалғанын бірден аңғаруға болады. Сайт 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Сайт дизайны да адамды бірден өзіне тартып, баурай жөнеледі. Психология ғылымдында бұл өзекті рөл ойнайды. Адам ақпарат іздеген сайтта 10 секундтан артық бөгелсе, онда ол бұл жерге қайта айналып соғады. Шетелдік турист сайтқа кіріп, өзіне керекті бүкіл мәліметті таба алады. Ол өзіне керекті мәліметті әр жерден жинамай, бір жерден таба білгені де өте маңызды. Нәтижесінде туристе сайтқа деген сенім пайда болады. Сонымен, Turkestantour.kz сайты туристерге қандай қызмет көрсете алады? Осыған тоқтала кетейік. 

Сайтта ең бірінші көзіңізге түсетіні – Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Сауран қалашығы секілді әлем назарын өзіне аударған нысандар. Оның астындағы «Түркістанды зерттеңіз» батырмасын басу арқылы сол нысандар жөнінде және қала тарихы туралы мағлұматтарды текст, фото, видео, карта түрінде біле аласыз. Ары қарай төмен түсе берсеңіз, қала жөнінде сандық форматтағы ақпараттар шығады. Әрбір жыл соңында мұндағы мәліметтер жаңартылып тұрады. Бұл жерден білгеніміздей, 2018 жылы қасиетті мекенге  1 млн. 495 мыңдай турист келген екен. Оларға қалада 14 қонақ үй және 30-дан аса мейрамхана қызмет көрсетеді. Енді бұлар қандай және қанша жұлдызды қонақ үйлер? Мейрамханаларында ас мәзірі қандай? Бағалары ше? Бұл жөнінде «Туристік анықтама» бөлімінде жіктеп жазған. «Туристік анықтамаға» тек қонақ үй, мейрамханалар туралы ғана емес, ойын-сауық орындары, құрамына базар, парк, аллея, ескерткіш, түрлі алаңдарды қосқан қызықты жерлер, туристік обьектілер және қалада өтетін іс-шаралар жөнінде барлық ақпараттар қордаланған.  Турист анықтаманы қарай отырып, қалтасына қарай барар жерін нақтылайды.  

Ал, «Қала картасы» бөлімінде қаладағы бүкіл нысандар қай жерде, қай көшеде орналасқан, нақты жазылған. Ориентацияны көше арқылы ұстай алмайтын туристер үшін арнайы Яндекс картасы арқылы мекен-жайлар көрсетілген. Осы арқылы туристер барар жерлерін адаспай табады. Әйтпесе, көптеген елдерде туристер барар жерін таба алмай адасып, көп уақытын жоғалтып жатады. Бұл оларды шығынға батырады. Туриске шығынға батуға жол бермеу, көңіл-күйлеріне алаң түсірмеу – қала әкімдігі үшін басты назарда тұрған міндет. Себебі, қаладан көңілсіз кеткен турист қайта айналып соқпасы белгілі. Ал, егер мұнда ол саяхатын көтеріңкі көңіл-күйде аяқтса, елге барғанда сапар шеккен жері туралы жағымды пікірлер айтып, өзгелерге де киелі шаһарға келуге себепкер болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер