Тазалық - туризм кепілі

Screenshot_8.jpg

Тазалық - туризм кепілі. Туристер таза жерде дем алғысы келеді. Тазалық оларды бірден тартып, жағымды әсер сыйлайды. Таза орын көңіл-күйді көтереді. Тазалықтың турим саласында ғана емес, адам өмірінде алар орны ерекше. 

Осыған орай, Түркістан қаласында тазалықты сақтау және оны насихаттау мақсатында жалпықалалық сенбіліктер жиі өтеді. Тамыз айының 10-шы жұлдызында қала әкімдігіне қарасты түрлі бөлім қызметкерлері, коммуналдық қызметтер мен жастар ұйымдарының өкілдері қала тазалығына немқұрайлы қарамай, тұрғындарға үлгі көрсетті. Олар көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарда жиналған күл-қоқыстарды тазартты.

Мәселен, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан сенбілікке 50 маман, ал “Бөген арнасы” мекемесінен де 50-ге тарта қызметкер сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты. Сондай-ақ, 3 аумақ бойынша барлық ауыл билері де таза Түркістанды қалыптастыру үшін бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып, жұдырықтай жұмылды.

24-ші тамызда тағы да сенбілік өтті. Қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында Түркістанда жалпықалалық сенбілік жалғасын тапты. Сенбілікке қала әкімдігі мен облыстық ақсақалдар алқасы және қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесі ұйытқы болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші рухани шаһарды тазарту мен көгалдандыруды көздейтін акцияға қала тұрғындарымен қатар, облыс аудандары, қалалары, облыстық басқармалар мен қала әкімдігіне қарасты түрлі бөлім қызметкерлері қатысты.

«Сенбілік жұмыстарына 7-сектор, яғни «Ақмақта» мөлтек ауданының тұрғындары білек сыбана, бірлесе қатысудамыз. Біздің аймақта 83 көшеде, 17973 адам тұрады. Осы төңіректі таза ұстау қала тұрғындары біздің міндетіміз деп білеміз. Бұл шараға ақмақталықтармен бірге Кентау қаласының әкімдігі, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қатысуда. Нәтижесінде Тұрар Рысқұлов көшесі қоқыс пен шөптерден тазаланды», – деді «Ақмақта» мөлтек ауданының ауыл биі Сырым Исмайлов.

Сенбілік барысында тұрғындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс жасады. Тазалық шарасын бақылаған қала әкімі Р.Аюпов қатысушылармен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдап, акцияға атсалысқандарға алғысын білдірді. Қала көлемі қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орынға төгілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті
  • «Бағаны тұрақтандыру – басты мақсат»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер