Қылует жер асты мешітінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде

Screenshot_4.jpg

Бүгінде Түркістан қаласының туристік әлеуетін көтеріп, дүниенің түкпір-түкпірінен туристердің қызығушылығын оятып жатқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қылует жер асты мешітінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде. «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының мамандары Қожа Ахмет Ясауидің тарихымен тығыз байланысты ескерткіштің іргетасын ашып, 2,8 метр тереңдіктен бастап желдеткіш жүйесін орнатты.  Сондай-ақ, Қылует жер асты мешітінің шатыры астындағы жарамсыз ағаштар ауыстырылып,  ылғал мен суық, суға төзімді арнайы усб материалы төселіп, шатыры жаңартылды. Ғимараттың  ішкі және сыртқы қабырғалары мен еденіндегі мүжілген реставрациялық кірпіштер де жаңартылып, ұстындар лак бояуларымен сырлануда. Ағымдағы жылға жоспарланған қайта қалпына келтіру жұмыстары қараша айында толығымен аяқталады.

Қылует жер асты мешіті - ХІІ-ХV-ХІХ ғасырларға тән республикалық мәртебеге ие ескерткіш.  XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120 метр қашықтықта орналасқан. Координаттары - 43˚17.776΄,068˚16.247΄,  теңіз деңгейінен биіктігі – 228 метр.

 Ғалымдардың айтуынша «қылует» сөзі арабша «халуатун» яғни жекелену, оңашалану деген мағынадан шығып, Жаратушыға дүниеден бөлек, оңаша отырып құлшылық жасайтын орын деген мағына береді. Мұнда негізінен ғұрыпты құлшылықтың біріне жататын «зікір» ғибадаты орындалатын болған. Қожа Ахмет Ясауи пайғамбар жасы 63-ке толғанда қылуетті арнайы салдырып, қалған өмірін осы жерде өткізгендігі зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі.

Screenshot_3.jpg

 Сонымен қатар, мұнда көптеген шәкірттерін тәрбиелеп, Диуани хикмет, Мират-ул-қулуб, Пақырнама және тағы да басқа көптеген еңбектерін жазып қалдырған. Ескерткіш  жалпы саны 18 бөлмеден тұрады. Қазіргі қалпына келтірілген жер асты мешітінде үш есік бар. Құрылысты салу барысында діни әдет ғұрыптарды орындауға қажетті және адам өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда Жамағатхана, Мешіт, шаруашылық қызметіне арналған, ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын және асхана бөлмелері толық қарастырылған. Бұдан бөлек, мұнда Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың төрт метр жер астында орналасқан «Ғар» бөлмесі түпнұсқа күйінде сақталған. Бір адамға арналып салынған бұл бөлменің қабырғалары және күмбезі төрт бұрыштанып, күйдірілген кірпіштен қаланып «Балхы» тәсілі бойынша жабылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер