Түркістан туристер сүйсінетін жасыл қалаға айналмақ

WhatsApp-Image-2019-09-06-at-14.50.39.jpeg

Түркістанға келуші туристер қаланың тарихи-мәдени орындарынан зор әсер алғандарын айтып жатады. Сонымен қатар, олар қала туризмін дамытуға қатысты өз ұсыныстарын да білдіріп жатады. Олардың айтуынша, Түркістан жазда ыстық болып, суық жақтан келетін туристер үшін аздап ыңғайсыздықтар тудырады екен. Енді бұл мәселе өз шешімін табады. 

Түркістан қаласы әкімдігі Түркістанды жасыл қалаға айналдыру мақсатында біраз шараларды қолға алды. Соның бірі орталық көшелердің бойына тығыз орналасқан аршалар сап түзеп келе жатыр. Бұны жасыл шарбақ десек болатын шығар. Мамандардың айтуынша арша ағашы бойынан оттегіні көп бөлетін өсімдіктердің қатарына жатады екен.

Міне, осы қылқан жапырақты көшеттер қазір Түркістан қаласындағы Тәуке хан, С.Қожанов көшелерінің бойына отырғызылып жатыр. «Жасыл ел» ЖШС мердігерлік етіп жатқан жұмыстар бойынша аталмыш мекеме басшысы Бақытхан Жүнісовтың айтуынша, қалада қыркүйек айының соңына дейін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Оған 4 эксковатор, 2 су тасығыш көлік, 4 жүк көлігі және 35 адам жұмысқа тартылған. «Жасыл ел» ЖШС-ның еңбеккерлері орман шаруашылығының мамандары екенін айта кеткеніміз жөн болар. Қалада 6 көше көгалдандырылмақ. Ол үшін 13 мың түптен аса арша (туя), қарағай тұқымдас ағаштар (сосна) егілуде. Қазіргі таңда жүктелген міндетті өз мерзіміне сай атқарып келе жатқан «жасылелдіктер» ағаштардың өнімділігін бақылауда ұстайтындықтарын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлем назарын аударған рэпер P.Diddy шуы: Голливудтағы былық туралы не белгілі?
  • «Қазақстанға барсаңдар діннен шығып кетесіңдер»: Пәкістандағы қазақтардың жағдайы
  • «Ескі қалашық» сүйікті орына айналды
  • Бейісбековтер отбасы 1 миллион теңге алды
  • Дермене - Шымкенттің символы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер