Ұстаздар жемқорлыққа қарсы

image_750x_5b17ae9d3aa52.jpg

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің арнайы мониторингтік тобының мүшелері  «Арыс ақиқаты» газетінің редакторы А.Әбдімәлік, Арыс қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшесі  С.Төлетаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қаладағы А.Жахияев № 4 бастауыш мектебінің ұжымымен кездесті. Ұстаздармен келелі әңгіме болды.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Арнайы топ Елбасы Жолдауын жүзеге асыру үшін атқарылып жатқан істермен мектеп ұжымын таныстырып, жемқорлықтың қоғамды іштен бұзатын құбылыс екенін, онымен күресте ешқандай да төзбеушілік болу керектігі айтылды. Бұл ретте мектеп мұғалімдерінің алатын орны ерекше. Болашақ ұрпақтың тәрбиесінде қоғамға жат құбылыспен келіспеушілікті бала кезден бойында қалыптастыру қажет. Осы орайда мұғалімдердің атқарып жатқан жұмыстарымен де танысты.

Іс-шараның мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Кездесу барысында білім саласындағы өзекті мәселелермен қатар, Арнайы мониторингтік топтың құрылу себебі мен міндеттері, жоспарланған іс-шаралары талқыланды.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер