Діни экстремизм мен терроризмге алып барар ағымдардың ерекшеліктері

image_750x_5b18e0f656a40.jpg

Дін ешқашан да өз өзектілігін жоғалтпайды. Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Сондықтан да діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін нақты жоспармен еңбек еткен абзал. 
Осыған орай, Діни экстремизм мен терроризмге алып барар дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарды арбап, қатарына қосуына тосқауыл қою мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар өтуде. Шардара қаласындағы №10216 «Е» әскери бөлім қызметкерлері арасында керағар діни ағымдардың зияны жан жақты түсіндірілді. 
«Діни экстремизм мен терроризмге алып барар ағымдардың ерекшеліктері» тақырыбында өткен кездесуде аудан имамы А.Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д.Байбеков дәстүрлі ислам дінінің негіздерін кең көлемде түсіндірді. 
Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде айтып, кез-келген шынайы ақпаратты ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер