Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты күрес жалғаса беретінін айтып өткен болатын. Бұл бағытта мемлекеттік органдардағы үдеріс¬тер¬ге, соның ішінде олардың тұрғындармен және бизнес өкілдерімен өзара ықпалдас¬ты-ғына цифрландыру технологияларын енгізу маңызды болып саналады. Яғни, цифрландыру – мемлекеттік қызметтің барлық саласындағы сыбайлас жемқорлықты азайтады.
Мақтарал ауданында "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жаппай оқу курстары басталды.
Онда интернет және мобильді гаджеттердің мүмкіндіктері, онлайн режимінде тауарларды сатып алу немесе сату, мемлекетік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды, мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, өз жұмысында пайдалануды аудан тұрғындары тегін үйрене алады.
Аудан басшысы Жамантай Бейсенбаев бекітуімен "Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша" іс-шара жоспары жасалған. Жоспар бойынша әрбір қала, кент, ауылдық округтердің тұрғындары курсқа қатысып, компьютерлік сауаттылығын арттыра алады. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар оқу курстарына үйден шықпай-ақ тіркелу үшін Мақтарал ауданы әкімдігінің ресми сайтында жеке айдар ашылған. Ниет білдірген азаматтар айдарға кіріп, сұратылған ақпараттарды толтыра отырып, өз өтінімдерін тіркей алады.