Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» - деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» - деп нақты тапсырмалар жүктеді.
«Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі Заңының аясында құқықтық оқыту семинары болып өтті.
Онда «Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Садықов пен "Нұр Отан" партиясы Бақылау Комиссиясының мүшесі, партия ардагері Б.Тұяқбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға» арналған бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, маңыздылығын айтып өтті.
Жемқорлықтың қоғам үшін қауіпті дерт екендігін жеткізді.