Парасыз болашаққа. Бірге!

image_750x_5b1a08fa499ef.jpg

Елбасы   Н. Ә. Назарбаев   жыл сайынғы ел халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсетеді. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуіміз керек.
«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышбеков пен аудан әкімі аппаратының заң бөлімшесінің бас инспекторы, аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия хатшысы Фазылжан Сидиков аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында орталығында болып, көпшілікпен кездесу өткізді.
ХҚКО келген адамдар мен орталық қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықтың қоғамға алып келер зиянын түсіндіріп, арнайы брошюралар таратты.
Мобильді топ мүшелері пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерді кереғар және асыра пайдалану сыбайлас жемқорлық қылмыс екенін  және заңнамада қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертті. Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттады, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер регламент және стандарттарға сай көрсетілуі тиіс екенін, осы қызметтерді e.gov порталы арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндік бар екенін түсіндірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер