Сайрамда теолог маман тұрғындармен кездесті

image_750x_5b1a0aa0abec8.jpg

Сайрам ауданының Ақсукент ауыл округінің тұрғындарымен бүгінгі күннің өзекті тақырыбына арналған кездесу болып өтті.  Кездесу де Сайрам аудандық телог маманы Тажибаев А. "Исламдағы Ханафи мәзһабының оры" Салафизим мен Таблиғи жамағат" тақырыбында өзінің түйген ойларымен бөлісті. 

Дүние жүзiнде қазiргi таңда дiн мәселесi өзектi тақырып болып тұр. Егер де дінді шын мәнінде түсініп, оның ақиқатты тануға бастайтынын білсек жақсы. Бірақ, бүгінде дін атын жамылып, ағайынды ала тайдай араздастыратын ағым көбейді. Терiс пиғылды радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Егер бір  адам теріс ағымның жетегінде кететін болса, ол біртіндеп айналасын сол бағытқа тарта бастаса, біраз уақыттан соң бір топ азаматтың түсінігі басқа жаққа аумайды ма? Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда ата-бабадан келе жатқан өзіміздің дәстүрімізді құрметтейтін, сырттың түсінігін тықпаламайтын, айналамен ынтымаққа шақыратын дінімізді насихаттап, түсіндіру маңызды.
Айта кетейік, діни экстремизм және терроризммен күрес яки оның алдын-алу мемлекет келешегі үшін аса маңызды. Осыған орай, өңірде түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп тұратын болады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер