Түлкібастық оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

image_750x_5b209bcc5263f.jpg

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы отандастарымыз тарапынан қызу қолдау табуда. Осы Жолдаудың «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталатын тоғызыншы міндетінде: «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді» деп көрсетілген. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ОҚО бойынша департаментінің тапсырмасына және аудан әкімінің өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа бірге!» тақырыбында сынып сағаттары, «Жемқорлық балалар көзімен» сурет конкурсы өткізіліп,  2018 жылдың 10 мамыр күні аудандық орталық стандионында «Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында»  аудандағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен аудандық конкурсы   өткізілді.
Іс – шараға 50 мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында бекітілген ережеге сәйкес оқушылар топты таныстыру, саптық қозғалыс, саптық жүріс, саптық ән, саптан шығу, команданың сыртқы бейнесі бойынша сынақтардан өтті. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер