«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі -тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сол арқылы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекетті цифрландыру арқылы қаржы көздерін бақылауды, бақылау арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылатыны жөнінде нақты міндеттерді жүктеген болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды.
Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) аудан көлемінде 800 адамды оқыту үшін арнайы курстар өткізу жоспарға қойылды. Курстар білім беру мекемелерінің информатика кабинеттерінде өткізіледі.
Жақында аталған жоспар негізінде аудан көлеміндегі цифрлық сауаттылықты арттыруға жауапты информатика пәнінің мұғалімдерін оқыту және қажетті ақпараттарды таныстыру мақсатында Ордабасы ауданы әкімі аппаратында ХҚКО мамандары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мамандары қатысып, E-GOV, OPEN-GOV және Е-коммерция дағдылары бойынша дәріс өтті. Дәріс барысында тыңдаушылар сандық технолоияға қатысты көптеген тың ақпараттар алып, оны өз қызметтерінде жүзеге асыратын болды.