Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/2 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін тоғызыншы міндет етіп тапсырған болатын. Оны орындау жалпыға ортақ дүние. Елімізде бұл бағытта атқарылып жатқан оң істердің нәтижесі анық байқала бастады.
Кездесу барысында Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндірді.
Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы әңгімелеп, семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіруге шақырды.
Семинар барысында жеке құрамға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алу және жол бермеу жолдарын талқыға салды.