Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу жобасы таныстырылды

image_750x_5b2a10e9675d5.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы таныстырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу апталығының қорытындысы қаралды.
Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.
Отырысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, облыс әкімі Ж.Түймебаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық бірлестігінің төрағасы, Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Т.Байгулов,  отырыстың комиссия мүшелері мен аудан, қала әкімдері қатысты.
«Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады. «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы Агенттікпен бейнеконференцбайланыс арқылы өткен селекторлық кездесуде талқыланған. Аталған жобаны «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, өңірдегі инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу мақсатында фронт офис ашу жоспарлануда» – деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер