«Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу» автоакциясы өтті

image_750x_5b2c78cfa2f49.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы бірлесе отырып «Электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу» тақырыбында автоакция өткізді.
Ондағы ой – қала тұрғындарына мемлекеттік қызметті электрондық портал арқылы алудың оңай әрі жеңіл екендігін насихаттау, тұрмыстық сыбайластықтың алдын алу. Автоакция барысында қаланың адам көп жиналатын жерлерінде кездесулер өткізіп, брошюролар мен Еgov жазуы бар брелоктар таратылды.
Аталған іс-шараға  Департамент және халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері, Қоғамдық ұйым мүшелері, блогерлер,  еріктілер тобы, бұхаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызмет түрлерін электронды портал арқылы алатын болса, қызмет алушы мен қызмет көрсететін адамның арасында тікелей байланыс болмайды. Бұл тұрмыстық сыбайластыққа тосқауыл деген сөз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер